Әлеуметтік инфрақұрылым мен тұрғын үй құрылысының қарқыны туралы қалалық Стратегия және бюджет басқармасының басшысы Алмас Батанов «Жаңа Алматы» Кешенді даму жоспарын жүзеге асыру қарқынын талқылауға арналған дөңгелек үстел барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Түрксіб ауданы, Жас Қанат шағын ауданында 41 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Шұғыла, Алғабас және Жас Қанат шағын аудандарында салынып жатқан 222 көпқабатты үйге инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым жүргізілді.
Жаңа Алматы шағын аудандарын кешенді дамыту мектептер, балабақшалар мен емханалар салуды көздейді. Стратегия және бюджет басқармасының басшысы А. Батановтың айтуынша, қазіргі уақытта Алатау, Наурызбай және Түрксіб аудандарында 7 мектеп пен 12 жаңа мектеп корпусының құрылысы жүріп жатыр.
Балабақшалардың қолжетімділігі мәселесі шешілуде. Соңғы жылдары Алматыда бала туудың өсуі байқалады, сондықтан жас алматылықтарды балабақшаларда орындармен қамтамасыз ету үшін қала әкімдігі бірнеше жылдан бері білім беру мекемелерін жөніндегі бағдарламаны жүзеге асырып келеді.
Таусамалы және Ақжар шағын ауданында 240 орындық екі балабақша пайдалануға берілді. 2021 жылдың желтоқсан айында 120 орындық тағы біреуі, ал 2022 жылы Жас Қанат шағын ауданында 280 орындық балабақша пайдалануға беріледі.
А. Батанов әкімдіктің жеке бизнестің әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға қатысуына жағдай жасап отырғанын атап өтті. Мысалы, жыл басынан бері жаңа шағын аудандарда 4 658 орындық 72 жекеменшік балабақша ашылды.
Бұдан басқа, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында шеткі шағын аудандарда отбасылық дәрігерлік амбулаториялар ашылуда. Кемел шағын ауданын ОДА, «Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы» қабылдау бөлімшесінің жаңа корпусы, №7 МКА қабылдау бөлімінің корпусы салынуда.
Сонымен қатар Саялы, Қарасу, РВ-90, Жас Қанат, Ақжар шағын аудандарында және Айбасов көшесінде Қарағайлы шағын ауданында 500 орындық емхананың және №16 емхана ғимаратының сейсмотұрақтылығын күшейту құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
Бүгінде №6 емхана мен туберкулезге қарсы диспансерді күрделі жөндеу және сейсмикалық күшейту аяқталды.