|
05.11.2021 | 13:38
5085

Жаңа Алматы: Наурызбай ауданының даму динамикасы

Ауданды дамытудың басым міндеттері үздіксіз сумен, электр энергиясымен және газбен қамтамасыз ету

Жаңа Алматы: Наурызбай ауданының даму динамикасы

Алматы қаласының аумағы соңғы он жылда екі есеге, ал қала тұрғындарының саны үштен бірге артты. Бүгін «Жаңа Алматы» кешенді даму жоспарын жүзеге асыру қарқынын талқылау бойынша дөңгелек үстелде мегаполистің шалғай аудандары қалай дамып жатқанын талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дөңгелек үстел жұмысына қала басқармаларының және Алматы облысының жерлері қосылған соң аумақтары құрылған немесе кеңейтілген аудандар әкімдіктерінің басшылары қатысты.

Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай ауданды дамытудың басым міндеттері үздіксіз сумен, электр энергиясымен және газбен қамтамасыз ету болып табылатынын хабарлады.

Бүгінде Наурызбай ауданы 30% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Тағы 20% 36 ұңғымадан су алады. Халықтың қалған 50%-ы Қарағайлы, Құрамыс, Таусамалы, Таужолы, Тастыбұлақ, Ақжар, Қарғалы шағын аудандарын қамтитын Қарғалы және Ақсай өзендерінен ашық су тартудан суды пайдаланады.

Су мәселесі туралы айта келе, С. Тоғай «Жаңа Алматыны» дамытудың Кешенді жоспары аясында орталықтандырылған сумен және су бұрумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 131,6 км су құбыры және 74,5 км кәріз құбыры салынғанын хабарлады. 2022-2023 жылдары тағы 74,5 км су құбыры мен 35,7 км кәріз құбырларын салуды аяқтау жоспарлануда.

«Ауданда Қарғалы өзенінде жаңа су дайындау станциясының құрылысы басталды, келесі жылы жұмысты аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бүгінде «Қарғалы» тазарту станциясы тәулігіне 4 мың текше метр су өндіреді. Жобаны іске асырғаннан кейін өндірістік қуат тәулігіне 15 мың текше метрге дейін ұлғайтылады. Екінші «Ақсай» тазарту станциясы тәулігіне 22 мың текше метр су өндіреді», - деді С. Тоғай.

Тастыбұлақ, Құрамыс, Қарғалы, Таужолы және Жайлау шағын аудандарында инженерлік желілерді тарту жұмыстары толық көлемде аяқталды.

Жағдайды жақсарту және аудан тұрғындарын коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 34 км кәріздік коллектордың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жөніндегі шешім маңызды болды, Коллектор қолданыстағы үй құрылыстарынан және қосылған аумақтарда, сондай-ақ Алатау ауданының аумағынан қосымша салынып жатқан сарқынды суларды қабылдауға мүмкіндік береді.

Аудан әкімі С. Тоғай 778 км газ желілерінің тартылғанын, тұрғындардың газбен 98% қамтылғанын айтты.

«Өткен жылы әкімдіктің қолдауымен көпбалалы және аз қамтылған отбасылар тұратын 46 үй газ  жүйесіне қосылған болатын. Бұл тәжірибе 2021 жылы да жалғасын тапты, тек меценаттар есебінен мұқтаж 20 отбасының үйлері газдандырылды», - деді С. Тоғай.

Қаланың өнеркәсіптік әлеуетін дамыту бизнеске тиісті инженерлік инфрақұрылымы бар жер учаскелері берілетін индустриялық аймақты дамытумен тығыз байланысты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир