|
21.08.2020 | 13:54
3423

Келесі жылы Алматы көшелері 100% жарықпен қамтылады

Өткен жылы Алатау, Наурызбай, Түрксіб, Жетісу аудандарының 329 көшесіне жарық жүйесін орнату жұмыстары жүргізілді

Келесі жылы Алматы көшелері 100% жарықпен қамтылады almaty.tv

Алматы көшелерін жарықтандыру деңгейі 71% құрайды, келесі жылға қарай бұл көрсеткішті 100% дейін жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

«Өткен жылы Алатау, Наурызбай, Түрксіб, Жетісу аудандарының 329 көшесіне жарық жүйесін орнату жұмыстары жүргізілді. Биыл коронавирус індеті мен карантиндік режимге байланысты бұл жұмыс белгіленген мерзімнен кештеу, яғни 1 шілдеден басталды. Бұл аудандарда 157 көшеге жарық жүйесін орнатамыз»,– деп жазды Әсет Мұқажанов.

Сонымен қатар, ол бүгінгі күні көшелердегі жарық жүйесінің деңгейі 71% құрайтынын атап өтті. 

«Жалпы көрсеткішті 100%-ға жеткізу үшін қаланың барлық аудандарының 2024 көшесіне жарық жүйесін орнату қажет. Бұл жұмысты келесі жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз», – деді ол.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығы көшелер мен аулалардағы жарық жүйесінің деңгейіне байланысты. Өткен жылы Алатау, Наурызбай, Түрксіб, Жетісу аудандарының 329 көшесіне жарық жүйесін орнату жұмыстары жүргізілді. Биыл пандемия мен карантиндік режимге байланысты бұл жұмыс белгіленген мерзімнен кештеу, яғни 1 шілдеден басталды. Бұл аудандарда 157 көшеге жарық жүйесін орнатамыз. Бүгінде көшелердегі жарық жүйесінің деңгейі — 71%. Жалпы көрсеткішті 100%-ға жеткізу үшін қаланың барлық аудандарының 2024 көшесіне жарық жүйесін орнату қажет. Бұл жұмысты келесі жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. - От степени освещенности улиц и дворов зависит комфорт и безопасность горожан. В прошлом году провели освещение на 329 улицах новых микрорайонов в Алатауском, Наурызбайском, Турксибском, Жетысуском районах. В текущем году из-за пандемии и карантинного режима работу начали позже намеченного срока, с 1 июля. В указанных районах проводим линии освещения на 157 улицах. На сегодняшний день уровень освещенности улиц составляет 71%. В целом, чтобы довести этот показатель до 100%, предстоит провести освещение на 2024 улицах всех районов города. Планируем завершить эту работу в следующем году.

Публикация от Асет Мукажанов (@aset.mukazhanov)20 Авг 2020 в 10:03 PDT


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир