Б. Сағынтаев: Алматының шетіндегі жолдарды салу және жөндеу жұмыстары басталады

voxpopuli.kz
voxpopuli.kz
Алғабас ықшамауданындағы сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы жалғасып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев БАҚ өкілдеріне арналған онлайн-брифингте Алатау ауданының Алғабас ықшамауданындағы жолдарды жөндеу жұмыстарының қашан басталатыны және қалаға қосылған елді мекендерді дамыту туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алғабас ықшамауданындағы сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы  жалғасып жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған соң «Алматыинжстрой» АҚ-ның  мердігерлік ұйымы Орақты батыр, Қара жорға, Алдияр, Зұлпыхар, Сәмен батыр, Молдағұлова, Естемесов және Кенжекей көшелері бойындағы жолдарды инертті материалдармен толтыратын болады.

Алғабас ықшамауданында 30,8 км жаңа жол салудың құжаттары дайын, мердігер компания анықталуда. Сумен жабдықтау және су бұру желілерін тарту, сондай-ақ гидротестілеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жол құрылысының жұмыстары басталады. Биылғы жылдың соңына дейін Алғабас ықшамауданындағы 10 шақырымға жуық жолға асфальт төсеу жоспарлануда.

«Барлық күштер жаңа ықшамаудандардағы инженерлік инфрақұрылымды салуға жұмсалуда. Сумен жабдықтау және су бұру желілерін, жолдарды, сыртқы жарық желілері, әлеуметтік нысандардың құрылысы өткен жылы қабылданған «Жаңа Алматы» кешенді даму бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Қалаға қосылған елді мекендер тұрғындарының өмір сапасын бес жыл ішінде жақсартуға  триллион теңгеге жуық қаржы бөлінеді. Біздің міндетіміз – 2023 жылға қарай барлық ықшамаудандар сумен және кәріз желілерімен, сапалы жолдармен, балалардың ойын алаңдарымен, саябақтар мен скверлермен қамтамасыз етілулері тиіс», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Мегаполис әкімінің тапсырмасы бойынша арнайы жұмыс комиссиясы құрылды, ол қалаға қосылған жаңа ықшамаудандардың мәселелерін шешуді қолға алуда. Тұрғындардың өтінішінен соң жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында мердігердің  жобадан ауытқығаны, жұмысты сапасыз атқарғаны, құрылыс-монтаж жұмыстарының технологиясын бұзғаны анықталды.

Жіберген кемшіліктері үшін «Алматыинжстрой» АҚ-ның мердігері ҚР ӘқбК-нің 312-бабының 1-бөлігінің 309 тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Қолданылған шаралардан соң мердігер олқылықтардың орнын толтырды. Сонымен бірге, «Казгипроводхоз институты» өндірістік кооперативінің және «Белко-Строй» ЖШС-нің авторлық және техникалық қадағалауды тиісінше жүргізбегендері үшін олар да ҚР ӘқбК-нің 317-бабының 1-бөлігінің 1 тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінде мердігердің күшімен  Алдияр және Жаңа  көшелеріне жол бойынша қиыршық тас төселді. Қазіргі кезде Жаңа құрылыс көшелері – 1, 2, 6, Ақсеңгір, Бабажанов, Кенжекей, Тұран, Орақты батыр, Керімсал, Қазына, Мөңке би, Мұхитдинов, Сұлтан көшелеріне қиыршық тас қоспаларын төгу жұмыстары жүруде.

Новости партнеров