«Жаңа Алматы» кешенді жоспары экономикалық өсімге жұмыс істейді – Б. Сағынтаев

22.12.2021 20:05
vlast.kz

«Жаңа Алматы» кешенді жоспары экономикалық өсімге жұмыс істейді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Биыл «Жаңа Алматы» кешенді жоспары қала шетіндегі мәселені шешуге ғана емес, экономикалық жағынан өсуге де бағытталды. Жалпы жоспар бойынша биыл 286 жоба жүзеге асу үстінде болса, 73 жоба болашақтың еншісіне қалдырылды. Кешенді жоспар аяқталғаннан кейін қала тұрғындарының негізгі қажеттіліктері шешімін табады. Яғни орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру жүйесі, үздіксіз энергия мен газбен толық қамтамасыз етіледі," – деп жазады қала әкімі.