Алматының Жетісу ауданында жасөспірімдерге арналған заманауи спорт нысаны ашылды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv
Ерекше жобаны жүзеге асыруда Тайландтық әдістеме қолданылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісу ауданының «Айнабұлақ» ықшам ауданында жасөспірімдерге арналған заманауи спорт нысаны пайдалануға берілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ондағы ерекшелік, ашық аспан астында балаларға  спорттың 8 түрінен тегін секциялар ұйымдастырылған. Ерекше жобаны жүзеге асыруда Тайландтық әдістеме қолданылыпты. Мамандардың айтуынша, мұндай орталықтың елімізде баламасы жоқ.

«Ең басында 30-35 баладай келді. Осы спорт жақсы дамып жатыр. Рахмет ұйымдастырған адамдарға. Қазіргі таңда 35-40 бала бір топта», – деді жаттықтырушы Нұрболат Дербісайын.

Қазір қалада 17 қосымша білім беру мекемесі жұмыс істейді. Жеті аудандық оқушылар үйі мен 8 музыка мектебінде мың жарымға жуық үйірмелер мен секциялар тегін қызмет көрсетеді. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша Алатау ауданында тағы 5 денешынықтыру-сауықтыру орталығы салынады деп жоспарланған. Құрылыс жұмыстары алдағы жылы басталады.

«Жетісу ауданындағы спорт алаңдарының бәрі де жеке меншік серіктестік әріптестігі аясында бой көтерді. Бүгінде жасөспірімдер үшін футбол алаңы пайдалануға берілді. Сондай-ақ, алаңда баскетбол мен волейбол ойынауға мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, Құлагер, Көкжиек және Көкмайса шағын ауданында тағы үш жаттығу павильонын салуыну жоспарланып отыр», – деді Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Бирбаев.

Новости партнеров