Алматыда алғаш рет Жетісу ауданында жастар ресурстық орталығы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Енді мекеме жұмысқа орналастыру, кәсіптік бағдар беру, кәсіпкерлік пен шығармашылықты шыңдаумен айналысады. Сондай-ақ, жастарға психологиялық қолдау көрсетіп, ойда жүрген жобаларын жүзеге асыруға септеседі. «Құлагер» ықшамауданында ашылған орталықта жұмыспен қамтудың, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдері де жұмыс істейді.
«Бұл жерде өте көп. 50-ден астам шаралар өтеді осы 2020 жылы. Және осы жерде негізі семинарларға негізгі тақырыпқа өтеді. Ол “Сөйлеу шеберлігі” өте маңызды бізге. Тайм менеджмент, құқықтық тәрбие, көшбасшылық және ұжымдық жұмыс туралы, жемқорлыққа қарсы күрес, отансүйгіштік семинарлары біздің жастар ресурстар орталығында өтеді», – дейді Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов
«Алматы жастар қаласы. Мұнда 400-ден астам жастар бар. Әрине, жалғыз ұжым болғандықтан оның күші жетпейді. Әрбір ауданда осындай бір-бір орталық ашайын деп жатырмыз. Нәтижесі мол. Өйткені, жастар сұранысына келеді. Жастар осында неше түрлі консультация алады», – дейді Қалалық жастар саясатын дамыту қорының директоры Алма Ауғанбаева