Алматыда күзде 250 мың ағаш егіледі

14.08.2020 22:32

Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская бұл бастамаға қолдау білдірді

открытые источники

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасының басшысы Наталья Ливинская мегаполис аумағын жасыл желектендіру мәселелері бойынша қала тұрғынының ұсынысына қолдау  білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласы әкімдігінің парақшасына тікелей эфир кезінде Facebook әлеуметтік желісі арқылы Алматы тұрғыны Айгүл Тұрысбекова комментрий қалдырған.

«Ағаш отырғызуға болатын бос жатқан жерлердің мекен-жайларын Жасыл экономика Басқармасының ФБ аккаунтына жолдауды ұсынамын. Қала тұрғындары үшін мұндай ақпаратты смартфондар арқылы жолдау әлдеқайда ыңғайлырақ болар еді», – деп жазылған комментарийде.  

Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская бұл бастамаға қолдау білдірді.

«Біз осыған ұқсас ұсыныстарды қолдауға дайынбыз және қолдаймыз да. Әлеуметтік желілерге қатысты ұсыныс қолдау тауып отыр. Facebook және Instagram-да біз мониторинг қолданамыз. Бізде сонымен бірге, өзіміздің сайтымызда ағаш  егуге болатын орынды немесе тэгті белгілейтін қосымша парақ ашу идеясы бар еді. Одан кейін барып біз ол орындарды өңдеп, ағаш отырғызу мүмкіндігі бар ма, жер учаскесінің меншік иесі бар-жоқтығын анықтау жұмыстарын жүргіземіз. Содан кейін барып жұмысқа кірісеміз және ағаш еге бастаймыз. Осы сияқты бастамаларды барынша қолдаймыз», – деді Наталья Ливинская.