|
20.08.2020 | 16:47
7970

Алматының Алатау ауданында бұлақ көзі абаттандырылды

Құбырлар саны 5-ке дейін көбейген

Алматының Алатау ауданында бұлақ көзі абаттандырылды Аlmaty.tv

Алматының Алатау ауданында бұлақ көзі абаттандырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Халық бұған дейін су алу үшін сағаттап тұратын жердің жағдайы мүшкіл болған. Енді онда су жаңа орындықтар және спорт алаңқайы орнатылып, құбырлар саны 5-ке дейін көбейген. Абаттандыру «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы арқылы шаһар басшысының тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылған

«5 судың қосымша көзі қосылды. Оң жағын көріп отырсаңыздар, асфальт жол салынып, жаяу жүргіншілер үшін тротуар түсіп, осы жер абаттандырылып жатыр. 30-40 жылдан бері жасалмаған абаттандыру жұмыстары жүруде», – деді Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков.

Алатау ауданының тұрғындары ғана емес, қала халқы тіршілік көзін алатын жердің жақсарғаны көпшілік көңілінен шықты. Олар өз кезегінде қала басшылығы мен аудан әкімдігіне ризашылығын білдіруде.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир