Жаңа Алматы: Алматының шет аймақтарында 42,8 шақырым жол салынды

09.12.2020 00:00

300 шақырымға жуық су құбыры және кәріз желілері

пресс-служба акимата Алматы

Алматының шет аймақтарында 42,8 шақырым жол салынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осыған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев брифингте «Жаңа Алматы» шеткері аймақтарын дамыту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру аясында шеткері шағын аудандардың 50 мың тұрғыны орталық сумен жабдықтауға және су тартуға қол жеткізетінін хабарлады.

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов мегаполистің шет аймақтарындағы қолжетімділік пен қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Басқарманың ақпараты бойынша, осы жылы «Жаңа Алматы» шағын аудандарында 300 км жуық су құбыры және кәріз желілері, 42,8 км жол салынды. 4 саябақ және 5 жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру қарастырылған.

«Биыл  жоспарда көзделген іс-шаралар толығымен орындалды. Келесі жылы шет аймақтарды дамыту бойынша жобаларды іске асыру қамтамасыз етіледі», деді А. Ахмеджанов

Естеріңізге сала кетейік, қала әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев ұсынған «Алматы – шетсіз қала»  тұжырымдамасы тұратын ауданына қарамастан, алматылықтардың жоғары өмір сүру стандарттарын қамтамасыз етуді көздейді.