Партияның Алматы қалалық филиалының бірқатар іс-шаралары бұған дәлел бола алады
«Nur Otan» партиясына азаматтардың өтініштері әрқашан оң шешімін табуда, деп хабарлайды Almaty.tv.
Партияның Алматы қалалық филиалының бірқатар іс-шаралары бұған дәлел бола алады.
Мысалы, қазіргі уақытта Жетісу ауданының аумағын абаттандыру мәселелері шешілді.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Көкжиек шағын ауданындағы скверді жөндеу жұмыстары аяқталды. Партиялықтардың демеушілік қаражатына 28 шам, 20 орындық пен қоқыс жәшігі орнатылды, балаларға арналған футбол алаңы мен балалар ойын кешені салынды.
«Бюджетке қатысу» жобасын іске асыру мақсатында Көкмайса шағын ауданындағы скверді ағымдағы жөндеу жұмыстары да аяқталды. Бұл сквер бойынша жұмыстар ең қысқа мерзімде, атап айтқанда 20 күнде жасалды. Оның ішінде балалар ойын кешені, workout және жаттығу алаңы салынды. Сондай-ақ велосипедтердің қозғалысына арналған жеке жол бар.
Бұдан бөлек, «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы мәдени-спорттық бағыт бойынша екі ірі жобаны іске асырды. Бұған Жетісу ауданы тұрғындарының өтініші бойынша ашылған домбыра оқыту орталығы мен балаларға арналған «Айнабұлақ жекпе-жек орталығы» спорт орталығы дәлел бола алады.
«Домбыра орталығы» жобасы 14 миллион теңгеге жуық демеушілік қаражат есебінен жөнделіп, қараусыз қалған ғимараттың орнында салынды. «Nur Otan» партиясы Жетісу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Давовтың айтуынша, енді орталық қабырғасында оқушылар жыл бойы домбыра ойнауды тегін үйренеді.
Орталықтың жанында биіктігі 2 метр домбыра түріндегі мүсін орнатылып, аумақты толық абаттандыру жүргізілді, жиһаздар мен жабдықтар сатып алынды. Білім беру және бос уақыт функциясынан басқа, орталықтың ашылуы оқытушылардың жұмысқа орналасуына ықпал етті.
«Айнабұлақ жекпе-жек орталығына» келетін болсақ, оның аумағы 200 шаршы метрді құрайды. «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуровтың айтуынша, жаңа спорт орталығы жастар арасында бұқаралық спортты дамытуға және көптеген ниет білдірушілерді тартуға мүмкіндік береді. Өйткені, спорт залдарының сыйымдылығы 500-600 балаға дейін жетеді.
Орталық қажетті спорттық құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілген, ал балалардың қауіпсіздігі үшін тәулік бойы күзет жүргізіледі. Сондай-ақ, орталықта жұмыс істеу үшін осы шағын ауданда тұратын 12 жаттықтырушы тартылды, бұл қаладағы жұмыссыздықты жоюға оң әсер етеді.
Жоғарыда аталған барлық оқиғалар Алматы тұрғындарының кең қолдауына және ризашылығына ие болғаны сөзсіз.