|
30.11.2021 | 20:05
9296

Алматының Зерделі шағынауданындағы 20 тұрғын үйді нығайту жұмыстары аяқталды

Жас Қанат шағынауданындағы 30 аулада балалар мен спорт алаңдарын жөндеу және орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр

Алматының Зерделі шағынауданындағы 20 тұрғын үйді нығайту жұмыстары аяқталды nur.kz

2014-2018 жылдары құрылған Нұркент, Зерделі, Жас Қанат шағынаудандарында қала билігінің шұғыл араласуын талап ететін бірқатар проблема болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.         

Әкімнің орынбасары М. Әзірбаев жоғарыда аталған шағынаудандардағы жағдай туралы айта келе, қазіргі уақытта Зерделі шағынауданында тұрғын үйлерді нығайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Нығайтуды қажет ететін 30 үйдің 20-ы аяқталды, қалған үйлер келесі жылы нығайтылады, сондай-ақ аула аумақтары абаттандырылады.

Сонымен қатар, Нұркенттегі үйлер тұрғындарының өтініші бойынша 18 тұрғын үйдің қасбеттерін жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, олардың 16-ы бүгінгі күні аяқталды, 2 үй аяқталу сатысында, сондай-ақ аула аумақтарын абаттандыру аяқталуда.

Әлеуметтік объектілерді дамыту және салу шеңберінде аулаішілік кеңістікте жер учаскесі сатып алынады және 320 орынды балабақша салынады.

Жас Қанат шағынауданындағы 30 аулада балалар мен спорт алаңдарын жөндеу және орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир