Басты мақсат – көпшілікке, әсіресе, жастарға Тәуелсіздік тарихын ұғындырып, экологиялық мәселеге назар аударту
Алматының Наурызбай ауданында 30 шырша егіліп, «Тәуелсіздік» аллеясы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Онда қыс мезгіліне бейімделген қылқан жапырақтылар отырғызылды. Басты мақсат – көпшілікке, әсіресе, жастарға Тәуелсіздік тарихын ұғындырып, экологиялық мәселеге назар аударту.
«Мақсат – жұртшылықтың, қоғамның назарын қоршаған ортаның проблемасына назар аудару. Алматы қаласының экологиясына, табиғатты қорғауға, табиғатты сақтауға және аялауға шақыру», – деді Қалалық экология департаментінің басшысы Қонысбек Баеділов.