«Жаңа Алматы» кешенді жоспары аясында жыл соңына дейін қаланың шеткі аудандары 100 пайыз жарықпен қамтылады. Қазір көшелерді жарықтандыру жұмыстары аяқталуға шақ қалған. Сонымен қатар су және кәріз жүйелері жаңартылып, қалаға енді қосылған шағын аудандар жап-жаңа құбырлармен жабдықталып жатыр. Толығырақ Almaty.tv тілшісі бейнематериалында.
Қалқаман ықшам ауданының тұрғындары көшелерде жарық пайда болғанына риза. Бұған дейін халықтың су мен кәріз құбыры жаңартылған еді. Енді биыл көшелерге шам ілініп, түнде жүру қауіпсіз болды дейді.
БЛИЦ:
1. Іс жүзеге асып, міне көшеміз жарықтанды. Көп рахмет! Балаларға әсіресе кешкі жақын қараңғыда үйге қайтқанда оннан кейін әйелдерге, қыз балаларға қайтарда өте жарық, ыңғайлы болды деп ойлаймын.
2. Мен осы көшеде 11 жыл тұрып жатырмын. Он жылдан бері қарай жарық болмаған. Міне, жақын арада жарық келді.
Жалпы былтыр қалада арнайы аудит жұмыстары жүргізіліп нәтижесінде 2353 көше жарықтандырылмағаны белгілі болған. Енді соның 1423 көшесі жыл соңына дейін толық электр бағанымен қамтылады. Сөйтіп қаланың шеткі аймағы яғни Алатау, Наурызбай, Жетісу, Түрксіб аудандары 100 пайыз жарықтандырылады. Ал қалған аудандардағы 601 көше келесі жылға қалып отыр. Сондай-ақ биыл 300 шақырымға жуық инженерлік желілер тартылып, 50 мың тұрғын орталық су мен кәріз жүйесіне қосылған.
«Наурызбай ауданы бойынша биылғы жылы 7 ықшам ауданында су құбырларын қазып салудан жаңадан инженерлік жұмыстары басталды. Оның ішіндегі 4-еуі осы жылы толық аяқталады», – деді Наурызбай ауданы коммуналды шаруашылық бөлімінің басшысы Өркен Қодаров.
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев метрополитен құрылысының да қарқынды жүріп жатқанын айтты. Қазір «Қалқаман» метро бекетінің құрылысы басталып кеткен. Мұның бәрі «Жаңа Алматы» кешенді жоспары аясында атқарылған шаруалар.
«Жаңа Алматы» жоспары бойынша тағы 4 саябақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осылайша биыл жоспарда қарастырылған барлық шараны толық орындадық. Бұл жұмыстар келесі жылы да жалғаса береді. Ол үшін 200 млрд теңгеден астам қаржы бөлуді көздеп отырмыз», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Ал инфрақұрылымды жақсарту мақсатында шаһарда 43 шақырымға жуық жол салынған. Ұзындығы 192 км болатын 270 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 86 шақырым тротуар төселген. Жалпы «Жаңа Алматы» жоспары қалаға кейін қосылған елді-мекендерді шеттетпей орталықпен бірдей деңгейде дамытуға, әлеуметтік нысандарды молайтып, ондағы кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған.
Назкен Еркін, Байбөрі Құдайберген, Сағынғали Мұңайтпасов, «Алматы» арнасы
ГРАФИКА-1:
2353 көше
1423 көше
Алатау, Наурызбай, Жетісу, Түрксіб аудардары (нужно показать карту)
Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу аудандары
601 көше
ГРАФИКА-2:
42,8 км
192 км - 270 көше
86 км тротуар