Жобаның мақсаты – еркін сұқбат құру
Жаңа маусымда жаңа жоба! «Алматы» телеарнасында «Жақсының ізі» атты бағдарламасы көрерменге жол тартады.
Қазақ тілінде көрсетілетін бұл бағдарлама эфирден аптасына 1 рет шығады.
Жобаның мақсаты – еркін сұқбат құру. Сұқбатқа еліміздің дамуына үлес қосқан ұлы тұлғалардың ұрпағы шақырылады.
16 қыркүйектен бастап «Алматы» телеарнасынан әр дүйсенбі сайын «Жақсының ізі» бағдарламасын көріңіздер.