Сериал дүйсенбі және жұма аралығында сағат 21:00-де көрсетіледі
Бүгін «Алматы» телеарнасы өз көрерменіне «Әділеттің жолы» атты жаңа телехикаяны ұсынады.
Әкімдікте қызмет ете жүріп, қоғамның бет-бейнесін жан-жақты көрсететін сериал әлеуметтік драма жанрында түсірілген. Дегенмен көруге жеңіл, қабылдауға оңай. Көпшіліктің көңілінен шығады деп сенген жоба 10 бөлімнен тұрады. Әр бөлім 30 минутқа созылмақ. Сериалдың сценарийін «Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясының режиссері әрі авторы Мұрат Есжан жазған.
Телехикая дүйсенбі және жұма аралығында сағат 21:00-де көрсетіледі.