«Жарты сағат Жанарбекпен» бағдарламасы эфирге қайта оралады

27.02.2024 22:00

Бұл жолы да елге еңбегі сіңген тұлғалармен сүбелі сұхбат құрылады

Almaty.tv

«Алматы» телеарнасында «Жарты сағат Жанарбекпен» бағдарламасының екінші маусымы басталады.

Елдің дамуына, жұрттың рухани кемелденуіне бағытталған жоба жаңа студияда түсіріліп жатыр. Бұл жолы да елге еңбегі сіңген тұлғалармен сүбелі сұхбат құрылады. Олардың арасында, Роза Мұқанова, Мыңжылқы Бердіқожаев, Аманжол Әлтай, Жандос Айтбай сынды азаматтар бар.

«Түрлі әлеуметтік салада, мәдениет, оқу-ағарту, спорт, білім барлық салада елге еңбек етіп жүрген көрнекті тұлғалармен үлкен сұхбат болады. Жалпы еркін форматта ашық әңгіме, олардың ешқандай бүркемесіз, жеке өмірінен бастап қоғамдық саяси қызметіне дейін осы айналдырған жарты сағаттың бедерінде барлық телекөрерменге дұрыс ақпарат береміз деген үміттеміз», – деді журналист  Жанарбек Әшімжан.

Айта кетейік, «Жарты сағат Жанарбекпен» бағдарламасы арнамыздан былтыр тамыздан  бастап көрсетіле бастаған еді. Ол кезде бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, ақын, драматург Бақыт Беделхан сынды тұлғалармен түрлі тақырыпта әңгіме өрбіген болатын.