Телехикая 6 қарашадан бастап сағат 18:15-те «Алматы» телеарнасынан көрсетіледі
«Алматы» арнасында жаңа сериал! Патриоттық рухты көтеретін, шытырман оқиғаға толы туынды ерлік пен еркелікті, батырлық пен бақталастықты суреттей отырып, Ұлттық қауіпсіздік қызметі курсанттарының өмірін көрсетеді. Жоба авторлары сериалдың ерекшелігі ондағы актерлер мен қауіпті сахналарда деп отыр. Туынды желісі бойынша бір-біріне мүлде ұқсамайтын жас жеткіншектердің академиядағы алуан қиындықтары мен қызығы қатар жүріп отырады. Сонымен қатар отбасы құндылықтары, тәрбиенің де маңызы айтылады.
«Сериал ҰҚК шекара қызметінің академиясы туралы. Яғни сонда оқып жүрген курсанттар жайлы. Телехикая 10 бөлімнен тұрады. Егер көрерменнің көңілінен шығып жатса, жалғасын түсіреміз», – деді продюсер Еркебұлан Мырзабек.