Биыл Almaty TV телеарнасы көрермендеріне мазмұны бай, әсері мол жаңа жылдық бағдарламалар легін ұсынады. 30 және 31 желтоқсан күндері эфирге таңғы «Таңғы studio» бағдарламасының арнайы жаңа жылдық шығарылымдары шығады. Үш сағаттық тікелей эфир форматындағы бұл хабарлар мерекелік көңіл күй мен шынайы қарым-қатынасқа толы болмақ, деп хабарлайды Almaty.tv.
Көрермендерді жылы атмосфера, тікелей эфирдегі еркін әңгіме, танымал әртістер, блогерлер мен медиа өкілдерінен құралған арнайы қонақтар, сондай-ақ құнды сыйлықтар ойнатылатын интерактивті ойындар күтеді.
Жаңа жылдық бағдарламалар топтамасының шарықтау шегі 31 желтоқсан күні эфирге шығатын «Кешкі Алматы» бағдарламасының арнайы мерекелік шығарылымы болмақ. Бұл кеш үлкен жаңа жылдық концерт форматында өтеді. Бағдарлама аясында түрлі байқаулар мен қатысушыларға арналған интерактивті тапсырмалар ұйымдастырылады.
Сахна төрінде қазақстандық эстраданың танымал жұлдыздары өнер көрсетеді. Олардың қатарында Роза Әлқожа, Сейфуллин Жолбарыс, Мұхтар Ханзада, Әли Оқапов, Жеңіс Сейдоллаұлы, Әлімжан Кеңес, сондай-ақ «Алатау серілері» және «Қоңыр» музыкалық топтары бар.
Мерекелік кештің жүргізушілері — Тәуекел Мүсілім, Анар Батырхан және Дидар Кәден. Олар көрермендерге ән мен әзілге, көтеріңкі көңіл күйге толы ерекше атмосфера сыйлайды.
Almaty TV барша көрерменді Жаңа жылды бірге қарсы алуға шақырады — сүйікті әндер, танымал өнерпаздар және жарқын эмоциялармен бірге!