Almaty.TV-дегі жаңа телемаусым жаңартылған, тың идеяларға толы болмақ. Биыл арна ұжымы ұсынған жобалар қаланың және оның әрбір тұрғынының өмірін бейнелейтін қызықты оқиғаларымен ерекшеленеді.
Жаңа маусымда көрермен не көре алады:
Сүйікті арнаның жаңа қырын ашатын жарқын премьералар мен арнайы жобалар. Олардың қатарында «Қала келбеті» бағдарламасы – экологиялық бастамалар мен атқарылып жатқан игі істерге жан бітіріп, табиғатты қорғауға үлес қосып жүрген азаматтардың жанкешті еңбегін көрсетеді.
Сонымен қатар Тәуекел Мүсілім, Перизат Алпыс, Әсет Арыстанбек, Жазира Еркін, Дарья Александрова, Жан Байжанбаев, Дарья Александрова, Жан Байжанбаев, Гүлнара Дубаниев жүргізетін заманауи үні мен ұсыну динамикасы жаңартылған «Таңғы студия» ойын-сауық және танымдық бағдарламасы өз көрерменінің көзаймына айналды.
«Кешкі Алматы» – әзіл-оспаққа негізделген ойын.
Сондай-ақ мәдениет, спорт, білім беру және әлеуметтік бастамаларға арналған эксклюзивті бағдарлама – «Обо всем без купюр». Фаузия Мырзабекова жүргізетін бағдарлама әлеуметтік зерттеу форматындағы арнайы эпизодтарды ұсынады.
Ноэль Шаяхметов жүргізетін «Алматинские истории» бағдарламасы өткенді бүгінгі күн тұрғысынан саралайды. Бағдарлама кейіпкерлері – мәдениет, ғылым және білім саласындағы атақты тарихи тұлғалардың ұрпағы. Өткеннің, бүгіннің және болашақтың өзара сабақтастығын көрсету – «Алматинские истории» жобасының мақсаттарының бірі.
Әрине, жаңалықтар шығарылымы, тікелей эфир, репортаждар, экономикалық шолу және студия қонақтарының сараптама пікірі мегаполис пен елдегі оқиғалардан дер кезінде хабардар болуға мүмкіндік береді.
Almaty.TV – қаланың өткені мен болашағы тоғыстырар арна болып қала бермек. Арна эфирінде шабыттандыратын деректі фильмдер, мегаполис көшелерінен тікелей репортаж және ертеңгі күнді қалыптастыратын адамдар туралы бағдарламалар көрсетілмек.