Тұсаукесер: «Алматы» арнасынан «Дем» телехикаясын көріңіз

21.10.2024 11:03

Мелодрама және драма жанрында түсірілген сериалды дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13:00-де көре аласыз

Almaty.tv

«Алматы» телеарнасы өз көрерменіне кезекті жаңа телехикая ұсынады. Бүгіннен бастап «Дем» атты сериал көрермен назарына жол тартады.

Мемлекет өркендеуінің басты факторларының бірі – дені сау ұлт. Телехикаяның мақсаты – медицина қызметкерлерінің кәсібін насихаттау, «Сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында дені сау ұлт қалыптастыру үшін жүргізіліп жатқан жұмыстарды көрсету. Сондай-ақ телехикая медицина қызметкерлерінің әр адам өміріндегі орасан зор рөлін көрсетіп, Ұлт денсаулығын сақтау барысында  дәрігерлердің қызметі  өте маңызды екенін қоғамға жеткізеді.

Мелодрама және драма жанрында түсірілген сериалды дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13:00-де көре аласыз.