Тұсаукесер: «Алматы» арнасынан «Қорықшы» телехикаясын көріңіз

08.07.2025 12:01

Жоба Қазақстан Президентінің экологиялық жағдайды жақсарту және табиғи байлықтарды сақтау бастамасы аясында түсірілген

Almaty.tv

Бүгін сағат 13:40-та «Алматы» телеарнасында өз өндірісінен шыққан жаңа 10 бөлімнен тұратын «Қорықшы» телехикаясы көрерменге жол тартады. Сюжеті еліміздің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын қорғап жүрген егерлердің қиын да жауапты қызметі туралы баяндайды.

Түсірілімдер Заңғар Алатауының баурайы мен Алтынемел ұлттық паркінде өтті. Бас кейіпкер — Жігер есімді қорықшы. Ол жеке өміріндегі ауыр қайғыға қарамастан, табиғатты қорғау ісіне адал қызмет етуді жалғастырады.

Телехикая егерлердің күнделікті еңбегін көрсетумен қатар, қоршаған ортаны сақтау, табиғатқа құрметпен қарау сияқты өзекті экологиялық мәселелерді көтереді. Жоба Қазақстан Президентінің экологиялық жағдайды жақсарту және табиғи байлықтарды сақтау бастамасы аясында түсірілген.

«Қорықшы» телехикаясын күн сайын 13:40-та «Алматы» телеарнасынан тамашалаңыз!