«Almaty TV»-мен бірге Наурызды жаңаша қарсы аламыз

03.03.2026 09:50
Almaty TV

«Almaty TV» телеарнасы көктемгі телевизиялық маусымды жаңартылған эфирлік тұжырымдамамен, жарқын безендірілген студиялармен, заманауи форматтармен және Алматы қаласының сан қырлы тыныс-тіршілігін көрсететін жаңа жобалармен бастайды. Арна ұжымы қала өміріндегі адамдарды, маңызды оқиғалар мен тарихты басты назарға алған бағдарламалар дайындады.

Көрермендерді телеарнаны жаңа қырынан танытатын премьералар мен арнайы жобалар күтуде. Солардың бірі — қалалық ортаның дамуы мен мегаполистегі сәулеттік өзгерістерге арналған «Архитектор» бағдарламасы.

Сонымен қатар көрерменге жақсы таныс жобалар да жаңартылған форматта, қарқынды әрі заманауи мазмұнда эфирге шығуын жалғастырады. Солардың қатарында таңғы ойын-сауық әрі танымдық «Таңғы Studio» бағдарламасы бар. Эфирде көрермендерді жүргізушілер Тәуекел Мүслім, Перизат Алпыс, Әсет Арыстанбек, Жазира Еркін, Дарья Александрова, Жан Байжанбаев, Гульнара Дусматова және Данияр Батырбаев қарсы алады.

Қаланың тарихы адамдар тағдыры арқылы «Алматинские истории» бағдарламасында баяндалады. Бағдарламаның тұрақты жүргізушісі — Ноэль Шаяхметов. Шығарылымдарға мәдениет, ғылым және білім саласындағы белгілі тұлғалардың ұрпақтары қатысып, Алматының өткеніне бүгінгі көзқарас тұрғысынан баға беріп, оның болашаққа әсерін түсінуге мүмкіндік береді.

Эфирдің ажырамас бөлігі ретінде жаңалықтар, тікелей қосылымдар, экономикаға арналған сараптамалық шолулар мен студиядағы эксперттік талқылаулар жалғасады. Бұл көрермендерге қала мен елдегі басты оқиғалардан жедел хабардар болуға мүмкіндік береді.

«Almaty TV» телеарнасы мегаполистің тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігін ұштастыруды жалғастырады. Эфирде деректі жобалар, қала көшелерінен дайындалған репортаждар және Алматының ертеңін қалыптастырып жүрген адамдар туралы бағдарламалар ұсынылады.

Жаңа маусым тың идеялар, жаңа есімдер және жарқын эмоциялар сыйлайды.

Көрермендер «Almaty TV»-ді шынайылығы, өзектілігі және елмен ашық диалог орнатқаны үшін таңдайды. Бұл — Қазақстан өңірлерін байланыстырып, адамдардың шынайы оқиғаларын көрсететін және заманауи өмірдің ырғағын айқындайтын телеарна.