Жаңа маусым: Almaty TV-де «Шахматшы қыз» телехикаясы көрерменге жол тартады

26.09.2024 в 10:31

Телехикаяның мақсаты - көрерменге қиындығы мен қызығы мол шахмат әлемін таныстыру

«Алматы» телеарнасы өз көрерменіне «Шахматшы қыз» атты жаңа телехикаяны ұсынады.

Телехикаяның мақсаты - көрерменге қиындығы мен қызығы мол шахмат әлемін таныстыру.

Спорт та, өмір де - күрес. Жеңімпаз атану үшін шыдамдылық пен төзімділік қажет. Онымен қоса қандай жағдай болмасын, соған төтеп бере алу, оның өзі бір жетістік. 

Жуырда «Алматы» телеарнасында сайысқа түсіп, бағын сынап, жеңіске жететін шахматшы қыз туралы телехикая көрсетіледі. 

Айта кетейік, жаңа телетуындыны 7 қазаннан бастап, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 17:40-та көре аласыз.