Онлайн кастингке Қазақстанның 17 облысы қатысқан
«Алматы» телеарнасында жаңа «Шырқа, Қазақстан» мега жобасы көрермен назарына жол тартады.
Еліміздің дарынды таланттарын жинаған жобаның мақсаты - әлемдік музыкалық ареналарда ел атынан шығуға лайықты бірегей вокалдық өнері бар жаңа кәсіби әртісті дайындау. Жалпы жобаға 500-ден астам адамнан өтініш түскен. Онлайн кастингке Қазақстанның 17 облысы қатысқан.
Тартысты додада тәлімгерлер тізімін танымал продюсер Бағым Мұхитденова бастаса, дәстүрлі жанрда Тамара Асар таланттарға бағыт бермек. Ал жас буын әншілерге Еркеш Хасен қолдау білдіреді. Үш жетекші тобына нағыз таланттарды жинайды. Музыкалық ән байқауында үздік деп танылған қатысушы 3 млн теңгенің иегері атанады.
Айта кетейік, «Шырқа, Қазақстан» мега жобасын 20 қазаннан бастап сағат 22:00-де «Алматы» телеарнасынан көре аласыз.