Жаңа маусым: Almaty TV-де «Ақбесік» телехикаясы эфирге шығады

Телехикаяның мақсаты – агроөнеркәсіп кешенін дамытуға ықпал ету

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы» телеарнасы көрермендерге «Ақбесік» атты жаңа телехикаяны ұсынады. Туынды достық, туған жерге сүйіспеншілік пен отбасылық құндылық жайлы болмақ.

Телехикаяның мақсаты – агроөнеркәсіп кешенін, оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ жер қатынастарын, су ресурстарын, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасына ықпал ету.

Ауыл шаруашылығы тақырыбына арналған телехикая шығару осы саладағы жаңа дақылдарды игеру, мал басының саны мен өнімділігін арттыру, жайылымдарды пайдалану, агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру, техникалық жабдықтау, т.б. сияқты мәселелердің шешімін табуға оң әсерін тигізуі, халық арасында өнеркәсіптің осы түрлерінің бірімен айналысуға деген ұмтылысты оятуы мүмкін.  

Айта кетейік, жаңа телетуындыны 14 қазаннан бастап, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 17:40-та қарай аласыз.

Оқи отырыңыз: Жаңа маусым: Almaty TV-де «Шахматшы қыз» телехикаясы көрерменге жол тартады

Новости партнеров