Халықаралық олимпиадада жеңген оқушыларға сыйақы беріледі

30.03.2022 13:45

Сонымен қатар олар ҰБТ тапсырмай-ақ тегін білім алу құқығына ие болады

ult.kz

Елімізде Халықаралық олимпиадада жеңген мектеп оқушыларына ақшалай сыйақы беріледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елімізде соңғы үш жылда жеңімпаз атанған дарынды балаларға білім беру грантын тағайындау үшін олимпиадалар мен жарыстар тізбесіне іріктеу критерийлері әзірленуде. Жеңімпаз оқушыны дайындаған ұстаздарға да сыйақы тағайындалды. 

«Сонымен қатар халықаралық олимпиадалардың алтын медаль иегеріне – 1500 айлық есептік көрсеткіш, күміс медаль – 1000 АЕК, қола медаль иегеріне 500 АЕК мөлшерінде біржолғы сыйақы төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жоспарлануда. Сондай-ақ, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлемдері мынадай мөлшерде белгіленеді: алтын медаль иегерін дайындаған педагогке – 150 АЕК, күміс медаль – 100 АЕК, қола медаль – 50 АЕК», - деді комитет басшысы.

Сонымен қатар олар ҰБТ тапсырмай-ақ тегін білім алу құқығына ие болады.