Өтініш беріп үлгермеген талапкерлер 22 мамыр сағ. 10.00-ден 18.00-ге дейін тестілеуге тіркелу базасы барлық тестіленушілер үшін ашылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саят Нұрбектің Telegram-каналындағы жазбасына сілтеме жасап.
- Негізгі ҰБТ-ға қатысуға өтініш беріп үлгермеген талапкерлердің пікірін еске ала отырып, ертең 22 мамыр сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін тестілеуге тіркелу базасы барлық тестіленушілер үшін ашылады. Өтініш беріп үлгермеген тест тапсырушылар app.testcenter.kz сайтында ұсынылған қолжетімді орындарға ғана тіркеледі", - делінген хабарламада. Министрдің сөзінше, 2 рет өтініш берген талапкерлер үшін іс-әрекет қолжетімсіз болады. Мүмкіндікті өткізіп алмаңыздар. Сәттілік! - деп жазды Саясат Нұрбек.
Айта кетейік, еліміздің 14 аймағында негізгі ҰБТ басталды. Ал су тасқыны болған өңірлерде ҰБТ 25 мамырда басталады.
Оқи отырыңыз: Соңғы қоңырау: елімізде биыл қанша бала оқу жылын аяқтайды