Вакцина алған мұғалімнің офлайн сабақ беруге мүмкіндігі артады

16.03.2021 в 13:59

Алматыда педагогтерді вакцинациялау жалғасып жатыр

Алматыда педагогтерді вакцинациялау жалғасып жатыр. «Спутник V» екпесі наурыз айының басынан бері мыңға жуық алматылық педагогке салынған. Вакцинациялаудың бірінші кезеңінде медицина мамандары, одан кейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері қабылдаған еді. Мұғалімдерден кейін келесі кезекте екпені студенттерге салу жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Вакцина алған адамға қанша дегенмен қоғамдық ортада мүмкіншілік береді. Сондықтан да вакцина алған мұғалімнің қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін болады. Иә, оның офлайн оқуға шығуына мүмкіншілігі болады. Тікелей қарым-қатынасқа шыға беруге мүмкіншілігі болады», – деді қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.