|
16.07.2024 | 09:09
599

Алматыда оқу жылы басталғанға дейін 6 мектеп өз есігін айқара ашады

2025 жылы тағы 4 мың орындық екі мектеп ашылады деп күтілуде

Алматыда оқу жылы басталғанға дейін 6 мектеп өз есігін айқара ашады қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда оқушы орындарының тапшылығын кезең-кезеңімен төмендету үшін қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша жаңа білім беру нысандары мен жұмыс істеп тұрған мектептерге қосымша құрылыстар салынуда, жеке инвестициялар есебінен мектептер ашу жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Орын тапшылығын төмендету мақсатында 2024 жылы жергілікті бюджет есебінен Саялы және Зерделі шағынаудандарында 1100 орындық екі мемлекеттік мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2 585 орындық 6 қосымша құрылыс бойынша жүргізілуде (аяқталу мерзімі 2024-2025 жылдар). 2024 жылы 1675 орындық тағы 4 қосымша құрылыстың құрылысын бастау жоспарлануда.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында Алматы әкімдігінің жобалық офисінің қолдауымен 36,8 мың оқушы орнына (бір ауысымда) 22 мектеп салу жоспарланған.

2024 жылдың соңына дейін 32,8 мың орындық 20 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде оқу жылы басталғанға дейін бекітілген кестеге сәйкес 7 100 орындық 5 мектеп (№97, Розыбакиев-Левитан көшесіндегі мектеп, Ақбұлақ ш/а №154 мектеп, «Нұрлы Дала» ТК ауданында, Теректі ш/а) іске қосылады.

2025 жылы тағы 4 мың орындық екі мектеп ашылады деп күтілуде. Осылайша, келесі жылдың 1 қыркүйегіне қарай оқушы орындарының тапшылығы басқарылатын деңгейге дейін 3-4 мыңға төмендейді.

Оқи отырыңыз: Қазақ бидайын негізінен қай елдер сатып алады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир