Алматылық оқушылар Қытайда өткен халықаралық чемпионатта жүлделі болды

қала әкімдігінің баспасөз қызметі
қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Жарысқа 200-ден астам оқушы қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Гуанчжоуда робототехника бойынша China FTC Guangzhou Offseason Event халықаралық чемпионаты өтті. Жарысқа 200-ден астам оқушы қатысты, оның ішінде Қазақстаннан келген екі команда да үздік нәтижелер көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «PID»командасы Motivate Award сыйлығын жеңіп алды. Команда құрамына 10 және 12-сынып оқушылары: Асылбек Қаныбекұлы, Қанат Парпиев, Нұрқасым Хафиз, Арсен Омаров, Арлан Қосан, Аянат Тұматова, Айсұлу Қыдыралықызы, Әли Елтай, Мирас Бекетбай және Олжас Аманкелдин кірді.

Сонымен қоса, "Білім-Инновация" лицейінің«Queue» командасы Perseverance Award сыйлығымен марапатталды. Командада 10 және 11-сынып оқушылары - Аскер Ерсай, Ерталап Әділхан, Ерсұлтан Мэлс, Манас Есенұлы және Алдияр Ихсанов өнер көрсетті.

«Екі қазақстандық команданың жетістіктері олардың халықаралық аренада бәсекеге түсугедайын қабілетін көрсетеді. Біздің балалар чемпионаттың екі күнінде де көшбасшылар қатарында болды. Біз балаларымызды марапатымен құттықтаймыз», - деп бөлісті Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығының директоры Гүлнұр Каримгажы.

Естеріңізге сала кетейік, командалар Қазақстан Республикасы Оқу-Ағарту Министрлігінің қолдауымен USTEM Foundation қоғамдық қорымен «Дарын» РҒПО ұйымдастырған Central AsiaFIRST Championship Орталық Азия чемпионаты барысында Қытай чемпионатына жолдама алды. Чемпионаттағы жеңіс біздің оқушыларға әлемдік жоғары оқу орындарындағы гранттарға қолжеткізуге мүмкіндік береді.

Новости партнеров