Мектеп оқушыларына 6 сәуірге арналған телесабақтар кестесі

06.04.2020 14:42

Төменде телеарналардағы сабақ кестесі берілген

dnepr.info

Коронавирустың таралуымен күресу шараларын күшейту аясында университет пен колледж студенттерін қашықтан оқыту туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, 6 сәуірден бастап орта мектепте оқу процесін жалғастыру үшін «Балапан», «Ел Арна» және «Алматы» телеарналарында бейнесабақтар көрсетіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігі Bilimland, Daryn online, Kundelik kz.сияқты платформалардың білім беру контентін тегін пайдалану туралы келісімге қолжеткізді. Сондай-ақ, ҚР БҒМ Қазақ радиосы радио арналарымен келісім жасады.

Білім басқармасы "Almaty tv" телеарнасымен бірлесе отырып, 9 және 11 сынып түлектері бағдарламалық материалдарды сәтті игеру үшін жаратылыстану-математикалық бағыттағы сабақтардың жазбасын жүргізбекші, олар телеарна эфирінде көрсетіледі.

Төменде телеарналардағы сабақ кестесі берілген.