|
16.04.2019 | 09:45
1677

Павлодарда болашақ журналистердің олимпиадасы өтуде

Сайысқа еліміздегі 17 ЖОО-ның 2-4 курс аралығындағы

Павлодарда болашақ журналистердің олимпиадасы өтуде

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде журналистика мамандығында оқып жүрген студенттердің дәстүрлі XI республикалық олимпиадасы өтіп жатыр. Сайысқа еліміздегі 17 ЖОО-ның 2-4 курс аралығындағы студенттері қатысуда.

Білім жарысының бірінші кезеңінде қатысушылар бекітілген тақырып бойынша эссе жазды. Оның қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері көш бастады. Келесі екі орынға М.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті және Халықаралық ақпараттар технологиялар университеті жайғасқан.

Бүгін сайыстың екінші кезеңі аясында болашақ журналистер 100 сұрақтан тұратын тест тапсырады. Онда журналистиканың жанрлары, тарихы, теле және радио журналистика сынды тақырыптарда сұрақтар қойылады. Бұдан бөлек, олимпиадаға қатысушылар өздерінің жедел ақпарат тарата алатынын көрсету керек.

Жарыс қорытындысы 16 сәуір күні белгілі болады.

Наргиза ЕРЕС.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир