Қазақстан мектептерінде қанша ресейлік бала оқып жатқаны белгілі болды

17.10.2022 14:48

Бұл туралы Қазақстанның оқу-ағарту министрлігі айтып берді

Фото: ашық дереккөзден

Республика мектептерінде Ресейден келген 280-нен аса оқушы білім алып жатыр. Бұл туралы Қазақстанның оқу-ағарту министрлігі айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі

Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

«Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының 2022 жылдың 10 қазандағы ақпараты бойынша республика мектептерінде Ресей Федерациясынан келген 283 оқушы білім алып жатыр», - делінген министрліктің орта білім беру комитеті таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанда 22,5 мың ресейлік жұмыс істейтінін, олардың зейнетақы жарнасын төлеп жүргенін айтты.

«Соның ішінде жыл басынан бері 8 мыңға жуық ресейлік жұмысқа тұрды. Олардың 72%-і – қызмет көрсету, 16%-і – өнеркәсіпте, 9%-і – құрылыста, 2%-і ауыл шаруашылығында жұмыс істейді», - деді Дүйсенова.

Негізгі мамандықтар ішінде клиенттермен жұмыс істейтін менеджер, бухгалтер, сатушы, автокөлік жүргізушілері де бар.