Оқушылар көктемгі каникул кезінде неше күн демалады

14.03.2024 13:49

Наурыз мерекесіне орай 5 демалыс күн болады.

elements.envato.com

Наурызда оқушылар да бірнеше күн демалады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқу-ағарту министрлігі жариялаған күнтізбеге сүйенсек, 21 наурыз бен 31 наурыз аралығында оқушыларға демалыс болады. Демек көктемгі демалыс 11 күнге созылады.

IV тоқсан 1 сәуірде, яғни дүйсенбіде басталады.

Айта кетейік, ең ұзақ демалыс күндері бар айлар арасында наурыз да бар. Наурыз мерекесіне орай 5 демалыс күн болады.

Ұлыстың ұлы күнінде қалай демаламыз?

- Бес күндік жұмыс аптасы: 21, 22, 23, 24, 25 наурыз - демалыс күндер;

- Алты күндік жұмыс аптасы: 21, 22, 23, 24 наурыз - демалыс, ал 25 наурыз - жұмыс күні.

Оқи отырыңыз: Жарты ай демалыс: наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады