Алматының 285 мың оқушысы үшін жаңа оқу жылы басталды
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарын Білім күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы шаһар басшысы Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді.
«Алматының 285 мың оқушысы үшін жаңа оқу жылы басталды. Соның ішінде 30 мыңы бірінші сыныпқа аяқ басты. Білім жолында оқуға ынта мен құлшыныс артып, мұғалімдерге құрмет көрсетілсін. Оқуда табыс тілеймін! Білім күні құтты болсын!» – деді Бақытжан Сағынтаев.