«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы: Бостандық ауданында қанша мектеп салынады

egemen.kz
egemen.kz
Құрылыс жұмыстары басталып кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оқушы орындарының тапшылығын азайту үшін «Базис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Сәтбаев көшесі, 101 мекенжайында 300 орындық № 65 мектепке қосымша құрылыс салып жатыр, жұмыстар осы тамыз айында аяқталады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Осы жылдың қыркүйегінен бастап сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №9 мектеп-интернат ашылады, онда 120 орындық қосымша құрылыс аяқталады», - деді Ерболат Досаев.


Сонымен қатар жыл басынан бері ауданда 6 жеке меншік және 1 мемлекеттік балабақша ашылды.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде «РАМС Қазақстан» құрылыс компаниясы «РАМС Сити» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің аумағында 1 100 орындық мектептің құрылысын жүргізуде. Аяқталуы – 2024 жылдың тамыз айы, сондай-ақ 240 орындық 2 балабақшаның құрылысын бастап, 2024 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған.

Бұдан басқа, Қ. Сәтбаев көшесі, 90 мекенжайында «Конкрит продактс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің зауыты көшкеннен кейін қазан айында «Hit Building» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 900 орындық мектептің құрылысын бастауды жоспарлап отыр.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 3 мектеп салу жоспарлануда: Егізбаев көшесі, 9 мекенжайында, Розыбакиев – Левитан көшелерінің қиылысында және Розыбакиев – Қожабеков қиылысында. Жұмыстар келесі жылдың соңына дейін аяқталады.



Новости партнеров