Семейде мұғалімдерді көше сыпыруға жіберген жауапты тұлғалар жазаға тартылды

21.10.2021 15:06

Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Н.А. Фесенкоға қатысты сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды

stan.kz

Семейде ұстаздарды көше сыпыруға жіберген лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгіме Семей қаласы әкімінің орынбасары Д.А. Гариков туралы болып отыр. Сонымен бірге әкімнің орынбасарына қатысты тәртіптік шаралар қолдану туралы хат жолданды. Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Н.А. Фесенкоға қатысты сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Сондай-ақ ол әкімшілік жазаға тартылды.

№9 ОМ директоры Н.В. Тегай және №43 ОМ директорының міндетін атқарушы А.В. Искрина әкімшілік жауапқа тартылды.

Еске сала кетейік, 16 қазан күні Білім министрі Асхат Аймағамбетов мектептегі сабақтарды тоқтатып, көше сыпыруға жіберілген мұғалімдер туралы желіде жазған болатын.