Өңір басшысының сөзінше, биыл Алматы облысның оқушылары төрт бағыт бойынша білім алады
Алматы облысында оқушылардың 8 пайызы, 34 792 бастауыш сынып оқушысы ата-аналардың өтініші бойынша 5214 кезекші сыныпта білім алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Штаттық режимде білім беретін мектептерде қатаң санитарлық талаптар сақталады. Кіре берістерде залалсыздандыру төсеніштері, тепловизор, санитайзер және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсатқа 226,9 млн теңге қарастылырған», – деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов білім мәселесіне қатысты өткен жиында.
Өңір басшысының сөзінше, биыл Алматы облысның оқушылары төрт бағыт бойынша білім алады. Яғни, 426 мыңнан аса оқушысы бар Жетісу өңірінде 300 мыңға жуық оқушы бірінші бағыт - интернет арқылы білім алады. Демек, аталған оқушылардың 70 пайызына қашықтан білім беріледі. Ал 20 пайызы демек, 85 мыңға жуық оқушы биыл екінші бағыт - телеарна арқылы оқитын болады. Үшінші бағыт бойынша шалғайдағы 138 шағын мектептің 7 500-ден аса оқушысы мектептеріне барып оқиды.
«Үшінші, шалғайдағы елді мекеедердегі шағын жинақталған 138 мектепте санитарлық талаптарға сәйкес, екі ауысымда (15 баладан) 7721 немесе 2% оқушы штаттық режимде оқиды. Төртінші бағыт бойынша: ол бастауыш сынып оқушылары ата-аналардың өтініші негізінде болжаммен 5214 кезекші сыныпта 34 792, яғни (8 пайыз) бала білім алады. Бірінші сыныпқа баратын балалардың ата-аналары балаларымыз мектепке барып, білім алсыншы деген өтінішінің негізінде осындай шешім қабылданды», – деді Амандық Баталов.