Педагогтерді бағалауда жетістікке жеткен оқушылардың нәтижесі назарға алынады – БҒМ

bilimdinews.kz
bilimdinews.kz
Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Педагогтердің қызметін бағалау кезінде де үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс істегеніне емес, дәстүрлі түрде жетістікке жеткен оқушыларының нәтижесіне көбірек назар аударылады. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Білім берудің маңызды аспектілерінің бірі – инклюзивтілік. Әртүрлі топтағы оқушыларға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға, қиын өмірлік жағдайдағы отбасы балаларына және т.б. қолдау көрсету біздің жұмысымыздың басым бағыты. Біз ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды инклюзия бойынша қамту үшін кешенді жұмыс жүргіземіз», – дейді министр.

Оның айтуынша, көптеген зерттеу дарынды оқушыларды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік осал топтағы балаларды да қолдаудың маңыздылығын көрсетеді. Елімізде дарынды балаларды қолдау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын да айта кеткен жөн.

Жоғары оқу орындарына іріктеу жүйесі, университет гранттарын бөлу, дарынды балаларға арналған арнайы мектептер, түрлі олимпиадалар, байқаулар өткізу және т.б. Педагогтерді бағалау кезінде де үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс істегеніне емес, дәстүрлі түрде жетістікке жеткен оқушыларының нәтижесіне назар көбірек аударылады.

Әрине оны әділ деп айтуға болады. Емтихан тапсырып, ең жоғары балл алған, яғни ең мықтысы жеңіске жетеді деп.

Бірақ ата-аналар дарынды балаларға арналған мектептерге түсу үшін репетитор көмегіне жүгініп жататыны да жасырын емес. Әдетте әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмен отбасылардың мүмкіндіктері бірдей емес. Бұл меритократияның «қараңғы» тұсы.

«Теориялық жағынан іріктеу барлығына тең және әділ қолжетімділікті қамтамасыз етуі керек, бірақ іріктеу жүйесі әлі де толықтыруды қажет ететінін көріп отырмыз. Сондай-ақ бұл жерде меритократия мен инклюзивтіліктің тепе-теңдігін сақтау маңызды», – деді Асхат Аймағамбетов.

Новости партнеров