Тоқаев мектепте домбыра пәнін енгізуді ұсынды

BNews.kz
BNews.kz
Мемлекет басшысы «Қазақ елі» алаңына барып, Ұлттық домбыра күніне арналған концертті тамашалады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп бағдарламасына домбыра сабағын енгізу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы твиттердегі аккаунтында жазды.

Президент елордадағы «Қазақ елі» алаңына барып, Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік шараны тамашалаған.

«Бұл мейрам – барша халқымыздың ұлт руханиятына деген зор құрметі. Күллі әлем мойындаған мәдени құндылығымыз – домбыра күні құтты болсын!», – деп жазды Тоқаев.

Сондай-ақ, ол мектептерде домбыра үйрену сабағын енгізуге қатысты пікір білдірді.

«Домбыра сабақтарын мектептерге енгізу қажет. Ұлттық құндылықтарымызды жастарымыздың санасына сіңіріп, насихаттау өте маңызды»,  деді Мемлекет басшысы.







Новости партнеров