Биыл ҰБТ 169 пунктте өткізіледі
Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Биыл ҰБТ 169 пунктте өткізіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Биыл министрлік ҰБТ-да жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін тест тапсыру кезіндегі кез келген заң бұзушылық, оның ішінде, үшінші біреудің араласуына жол бермеу үшін нақты шара қолдануда. Мұндай іс-әрекеттер ҰБТ-ның әділ өтетініне сенімді азайтады», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, ҰБТ-ға өтініш қабылдау 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілді. ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіргендердің жалпы саны – 117 242, оның ішінде осы жылы мектеп бітірушілер саны 96 380-ді құрайды.
ҰБТ-2019 нәтижелерін:
- @edu.gov.kz_bot Telegram-боты арқылы;
- edu.mail.kz сайтынан;
- Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан – www.testcenter.kz білуге болады. Ол үшін әрбір тест тапсырушыларға берілетін ТЖК (тест тапсырушының жеке кодын) енгізу қажет.