Ресейлік ғалымдар Жерге астероид жақындап келе жатқанын мәлімдеді
Петербург мемлекеттік университетінің ғалымдары 2068 жылы Апофис астероиды Жермен соқтығысуы мүмкін деп есептейді. Бұл туралы Sputniknews.kz ақпараттық басылымы РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Ежелгі Египет құдайының құрметіне аталған астероид 38 мың километр қашықтықта Жерге жақындап келеді (салыстыру үшін айтсақ, Ай 384 мың километр қашықтықта орналасқан).
Жер мен астероид 2044 жылы 16 миллион километрге, 2051 жылы 760 мың километрге және 2060 жылы 5 миллион километрге жақындап, 2068 жылы соқтығысуы мүмкін.
Апофис Жерге қауіп төндіріп жатқанын бұған дейін америкалық ғалымдар мәлімдеген еді. 2029 жылы жақындағаннан кейін астероид өзінің орбитасын өзгертіп, келесі жолы қайта оралғанда Жермен соқтығысуы мүмкін екені анықталды. Ол үшін астероид «құлыптың оймасы» — ғарыш кеңістігінің өте тар аймағы арқылы өтуі тиіс. Бұған дейін астероидтың осындай «оймалардың» бірі арқылы өтуі оның 2036 жылы Жерге құлап кетуіне әкелуі мүмкін деп есептелді.
Дегенмен ол кезде апаттың ықтималдығы нөлге тең деп есептелді.
Апофис астероиды 2004 жылы ашылды. Ғалымдардың пікірінше, оның диаметрі шамамен 325 метрді құрайды. Егер астероид біздің ғаламшарымызбен соқтығысса, жарылыс энергиясының қуаты ең қуатты жанартаудың атқылауынан асып түседі және ондаған ядролық бомбаның жарылысына тең болады. Дегенмен астероидтің құлауы ғаламшардың климатына күшті және ұзақ әсер етпейді.