Қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде қаза болғандардың балалары университетте тегін оқиды

12.01.2022 16:08

БҒМ айтуынша, гранттар Қазақстанның жетекші ЖОО-ларында оқу үшін бөлінеді

facebook.com

Қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерінің балалары университетте тегін оқиды. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде міндеттерін өтеу барысында қаза тапқан әскери қызметшілер, құқық қорғау және  арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерінің балалары университетте оқуы үшін білім грантын беру  ұсынылады. Бұл да Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылады», – дейді министр.

Оның айтуынша, гранттар Қазақстанның жетекші ЖОО-ларында оқу үшін бөлінеді. 

«Олар оқу бітірген соң негізгі тұратын жер бойынша жұмыс өтеу көзделеді. Президенттің техникалық мамандыққа басымдық беру тапсырмасы негізінде осы саладағы грант саны 60%-ға көбейеді», – дейді ол.


Теги: оқу ЖОО