Алматы қаласы әкімі аппаратының тапсырысымен Мемлекеттік тілді дамыту институтының ұйымдастыруымен қазақ тілін тегін үйрететін курс өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқыту төмендегі аудиторияларды қамтиды:
- мемлекеттік қызметшілер;
- қала тұрғындары;
- этнос өкілдері;
- ең маңыздысы кәсіпкерлік (сауда-ойын сауық орталығының, қызмет көрсету және қоғамдық тамақтандыру) саласының қызметкерлері.
Оқыту тамыз-желтоқсан айларында, онлайн және оффлайн форматта, тілді меңгеру деңгейлері бойынша топтарға бөлініп, әр топқа аптасына 2 рет жүргізіледі.
Өтетін орындары: Алматы қаласы аудан әкімі аппараты ғимараттары мен Алматы қаласы аудан аумағындағы кітапханаларда.
Қазақ тілін үйрену курсына жоғарыда көрсетілген топтарға жататын 18 жасқа толған барлық тұлғалар қатыса алады.
Байланыс телефондары:
Мемлекеттік тілді дамыту институты - 8 776 830 03 67, 8 747 793 52 64.
Ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі: