Қазір жаңа қазандықтың құрылысы жүргізілуде
Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданына жұмыс сапары және тұрғындарымен кездесу №103 мектеп-гимназиясындағы құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқу орнында жобалық қуаттылығы 600 оқушы орны бар, оқушылар контингенті 1 300-ден астам адамды құрайды. 1963 жылы пайдалануға берілген мектепті сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу тек 2008 жылы жүргізілді. Бұған дейін Ерболат Досаев аудандағы оқушы орындарының тапшылығын азайтуға және балаларды оқытуға қолайлы жағдай жасауға көмектесетін 200 орындық қосымша құрылысты бастауды тапсырған болатын.
Барлық жұмыс өткен жылы басталды, салынып жатқан үш қабатты ғимараттың ауданы 2,4 мың шаршы метрден асады.
Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева қала басшысына бүгінгі таңда нысанның дайындығы 80%-ды құрайтынын айтты. Қажетті жабдықтармен және жиһаздармен жабдықталған оқушы сыныптарын жөндеуден басқа, жобада асхана және аумақты қосымша көгалдандыру қарастырылған. Сондай-ақ бірқатар кабинетте интерактивті панельдер орнатылады. Қазір жаңа қазандықтың құрылысы жүргізілуде.
Ерболат Досаев материалдардың сапасына, мектептің заманауи жабдықтарына және мектеп жиһазының ыңғайлылығына ерекше назар аудара отырып, жаңа оқу жылы басталғанға дейін құрылыс жұмыстарын жеделдетуді және аяқтауды тапсырды.
«Қазір маусымның ортасы, 1 қыркүйекке дейін қазандық дайын болуы керек. Мектеп жаңа оқу жылында ашылуы тиіс», - деп тапсырды Ерболат Досаев.
Айта кетерлігі, Жетісу ауданында барлығы 21 мектеп, ал қала бойынша 215 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді. Жаңа оқу жылында Алматыда 6 оқу орны іске қосылады.
Қазіргі уақытта 6 қосымша ғимараттың құрылысы мыналарда жүргізілуде: №112 мектепте 300 орынды, №103 мектепте 200 орындық, №59 мектепте 750 орындық №174 мектепте 375 орындық, №195 мектепте 450 орындық (аяқталу мерзімі – 2025 жылғы 1 тоқсан), №99 мектепте 510 орындық. Тағы 4 мектеп бойынша қосалқы нысандар салынуда, олар №198 мектепте 600 орындық, №16 мектепте 300 орындық, №160 мектепте 325 орындық, №201 мектепте 450 орындық. Жұмыстар биыл басталады деп жоспарлануда.
Оқи отырыңыз: Колледждерге құжат қабылдау басталды