Әкімдіктер талапкерлерге 3 мыңға жуық грант бөлді

14.08.2022 17:02

10 тамызда әкімдердің гранттарына оқу орындарындағы қабылдау комиссияларында құжаттарды қабылдау басталды

inform.kz

Қазақстанда қосымша үш мыңға жуық әкімдік гранты бөлінді. Әкімдіктер өңірлер үшін сұранысқа ие мамандықтарға гранттар бөледі.

Ұлттық тестілеу орталығы грант саны туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

10 тамызда әкімдердің гранттарына оқу орындарындағы қабылдау комиссияларында құжаттарды қабылдау басталды.

Орталықтың мәліметі бойынша, педагогика, медицина және ауыл шаруашылығы саласы сияқты мамандықтар әлдеқайда жоғары сұранысқа ие.

Ең көп грант Нұр-Сұлтанда бөлінді – 1193. Ең аз грант саны Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді – 15. Алматы, Шымкент және Түркістан облыстарының әкімдіктері қосымша гранттарға қаражат бөлмеген.