Мегаполисте 2024 жылдың соңына дейін жаңа мектептер мен оқу орындарына қосымша ғимарат ашылады
Алматыда 2024 жылы білім беру саласын қаржыландыру 42 млрд теңгеге өсіп, 466 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы қалалық білім беру басқармасынан мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ел Президентінің тапсырмасымен 2026 жылға қарай оқушы орындарының тапшылығын «қажетті» деңгейге дейін төмендету жоспарлануда.
Сондай-ақ 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан айында жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын 3,7 мың орындық 2 мектеп пен 6 қосымша құрылысты іске қосу жүзеге асырылады: Саялы мен Зерделі шағынауданында 550 орындық 2 мектеп, №112, 103, 59, 174, 195, 99 мектептерге 6 қосымша құрылыс салынады.
Сонымен қатар 2024 жылдың соңына дейін 6,4 мың орындық 10 жекеменшік мектеп іске қосылады деп күтілуде.