|
28.08.2023 | 13:51
342

«Болашақ» мемлекеттік бағдарламасына өтініш қабылдау басталды

Өтініш беру 13 қазанға дейін жалғасады

«Болашақ» мемлекеттік бағдарламасына өтініш қабылдау басталды Ашық дерек көзі

28 тамызда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» «Болашақ» бағдарламасымен шетелде ғылыми тәжірибеден өтуге өтініш қабылдай бастайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Almaty-akshamy.kz-ке сілтеме жасап.

Шетелде ғылыми тағылымдамадан (500 ғалым) өту үшін конкурстық іріктеуге қатысуға өтініш беру 13 қазанға дейін жалғасады. Республикалық комиссия грант тағайындауды желтоқсанда жүзеге асырады.

Байқауға қатысу үшін құжаттарды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да мына мекенжайда:

Астана қаласы, Сығанақ к-сі, 70-үй «Сығанақ» бизнес орталығы, 5-қабат, 508-кабинетте қолма қол (қағаз жүзінде, сондай-ақ электронды тасымалдағыштағы сканерленген нұсқасы) қабылданады.

- Ескерте кетейік, құжатты үшінші тұлға келіп тапсырған жағдайда конкурстық іріктеуге қатысуға құжат тапсыру үшін өкілдің атына нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы болуы қажет, деп жазды «Халықаралық бағдарламалар орталығы».

Оқи отырыңыз:Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобасына өтінім беру қашан басталады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир