Сингапур мен Алматы мектепте білім беруді жақсарту бойынша күш біріктіреді

28.03.2024 16:31

50 жаттықтырушы PISA көрсеткіштерін жақсарту үшін сингапур әдістемесі бойынша дайындықтан өтуде

Сгенерировано ИИ

Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев жаңа білім беру әдістемелерін, оның ішінде сингапурлық – Marshall Cavendish әдістемесін енгізу туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Белгілі болғандай,биыл мамыр-желтоқсан айлары аралығында ЭЫДҰ (экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) стандарттарын қолдана отырып, 50 PISA жаттықтырушы білімдерін жетілдіретін болады.

"Іскерлік іссапарларға жіберілген делегациялар  тиімділікті арттыру үшін 12-14 сағат  дайындықтан өтуде. Неліктен біз қазір 50 коуч-жаттықтырушыны әзірлеудеміз? Біз PISA көрсеткіштерін жақсарту үшін 2025 жылға дайындалып жатырмыз. Жалпы, Алматыдағы  мектебіндегі білім елдегі жақсы білім екенін айтқым келеді", - деді қала басшысы.

PISA - бұл әртүрлі елдердегі оқушылардың функционалдық сауаттылығын және теориялық білімді практикада қолдана білуін бағалауға мүмкіндік беретін халықаралық тестілеу.

Қыркүйекте 14 PISA құзыреттілік орталықтарында табысты мектеп моделі – School Excellence Model енгізіледі. Алдағы оқу жылының басында Алматының барлық мемлекеттік мектептерінде PISA Artificial Intelligence платформасы іске асады.

PISA-2022 халықаралық зерттеуінің қорытындысы бойынша алматылық оқушылар Қазақстан бойынша бірінші орынды иеленді.

Оқи отырыңыз: Алматының Жетісу ауданында 4,8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды